Текст песни Алмасхан Даулет - ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ

  • Исполнитель: Алмасхан Даулет
  • Название песни: ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ
  • Дата добавления: 04.05.2021 | 07:42:27
  • Просмотров: 381
  • 0 чел. считают текст песни верным
  • 0 чел. считают текст песни неверным

Текст песни

Ескі күндер есіңде ме? кездескенбіз көктемде,
Естеліктер есте қалды, өзге ештеңе жоқ менде.

Саябақта сен отырдың, қызғалдақтай құлпырып,
Мен алыстан сүйсінгенмін бір отырып, бір тұрып.

Үстіңде ұзын қызыл көйлек, жаныңда көп құрбың бар,
Сен мұңлысың, олар неге күліп отыр? Құрғырлар...

Мен отырмын, жақын барып танысуға дәтім жоқ,
Ақымақтау сезімімді жеңіп кетті ақыл көп.

Мен өзіңді жырлау үшін жүргендеймін ақын боп,
Ақын болсам ақылыма бағынуға хақым жоқ.

Кетіп қалмай тұрғаныңда, жетіп бардым жаныңа,
- "Сәлем" дедім, үндемедің! "Сәлем" дедім тағы да...

- "Сәлем" дедің сәл жымиып, "кімсің?" дедің тағы да,
Сұрағыңа жауап беру махаббаттың заңы ма?!

Сәл кідіріп тұрдымдағы, есімімді атадым,
Бірақ, менің есімімде жоқ қой сенің шатағың.

Сәл кідіріп тұрып сенде өз атыңды атадың,
Содан кейін ұйықтарда да атыңды айтып жатамын.

Мамыр айы біз осылай ойда жоқта таныстық,
Ойда жоқта көшелерде бір-екі рет қауыштық.

Хәл сұрауға дәтім бармай басымды изей саламын,
Іштен тынып сенде өтесің, барма басқа амалың?

II

Оқу жылы аяқталды, артта қалды бір курс,
Жазғы үш ай демалыс тұр, ол мен үшін - күнкөріс.

Сағынышым үдей түсіп ата-анаға, бауырға,
Шымкентті артқа тастап, тартып кеттім ауылға.

Қалалық қыз болғасын сен, қалып қойдың қалада,
Енді міне жүз сексен бес шақырым бар арада.

Күнделікті қу тіршілік кірпіш басу, үй салу,
Одан қалды алты ай қысқа, үш ай жазда қи соғу.

Ол аз десең, күн ыстықта айдалада қой бағу,
Айдалада "Айдай сұлу ару" жайлы ойлану.

Бастан асып жатырса да аяқталмай көп ісім,
Әлеуметтік желілерге кіретінмін сен үшін.

- "Таңдап алған аққуымсың, арасынан көп қаздың",
Деп бір күні шыдай алмай, сәулем, саған хат жаздым.

Жазарымды жаздым! Сосын, жауап күтіп отырдым,
"Өкпелетіп алдым ба" деп кейін қатты өкіндім.

"Сүйемін" деп, "күйемін" деп бірден сөзін айтар кім?,
"Сенің жырың ұнайды" деп қысқа жауап қайтардың!

Уақытың аздау шығар, көп қой әлі айтарың,
Cенде мені ұнатасың, әңгімеңнен байқадым.

Маусым өтті, шілде келді, күтіп жүрдім тамызды,
Тамыздан соң келетұғын қыркүйек айы маңызды...

III

Тамылжытып тамыз өтті, қыркүйек келді ақырын,
Енді міне арамызда жүз сексен бес шақырым...

Қыркүйектің бірі күні, күйі шалқып кеудемнің,
Алып шаһар Шымкентке күзбен бірге мен келдім.

Айналайын, Шымкентим-ай, мені күтіп сарғайған,
Мен өзіңе бір қыз үшін келіп тұрмын шалғайдан.

IV

Мен сол күні сені көрдім, үстіңде бар ақ көйлек,
Ойлап тұрдым "түбі маған бұйыратын бақ қой" деп.

Жаным, саған жүрегіммен жазсам да мен талай жыр,
Сені көрсем тіл байланып үнсіз қалам, қалай бұл?

Біздер кейбір ғашықтардай, бірге кешкі ас ішпедік,
Жұрт секілді құшақтасып суретке де түспедік.

Біздер кейбір ғашықтардай сырласуды білмедік,
Саябақта серуендеп, қол ұстасып жүрмедік.

Сен дегенде дайын едім, ет кесуге етімнен,
"Бетсізсің" деп айтама деп, сүйе алмадым бетіңнен.

Жасықтығым енді мені қашанғы қор қылмақ,
Қолыңнан да ұстамадым, кетерсің деп қол бұлғап.

Саған мүлде қызыл-жасыл гүл ұсынып көргем жоқ,
Шынымды айтсам, ол кездері ұятым бар, теңгем жоқ.

Бірақ, біздер шын сүйгенбіз бірімізді біріміз,
Жасықтықпен өтіп кетті біздің жарты жылымыз...

V

Сегізінші наурыз сенің ең мерейлі мейрамың,
Саған айтпай бір ай бойы өзімді өзім қинадым.

Отыз күнде азын-аулақ тиын-тебен жинадым,
Жиғаныма жүзік алып оны саған сыйладым.

Сен сонда бір серт бергенсің қиындау һәм қызықты,
"Өле-өлгенше саусағымнан алмаймын деп жүзікті".

Екеумізді жолықтырып соқтықпалы жол кезбе,
Бізден асқан бақытты жан болмап еді сол кезде.

Vl

Сенің туған күнің жетті, мен жасадым ұйғарым,
"Ең сүйікті ақынымның сыйлайын деп жинағын".

Сен сол күні тағдырымды талқан қылдың тосыннан,
Сақинаны қайтарыпсың менің іні-досымнан.

Ақылымды ашу жеңіп, сабыр сақтап шақ тұрдым,
Жүрегімді жүзікке орап, екеуінде лақтырдым.

Құрбан болып кете бардым махаббаттың жолында,
Ең сүйікті ақынымның кітабы бар қолымда.

Пайдаға аспай қалмасын деп сыйлық қылып алғаным,
Сол кітапты дипломдық жұмысым да қорғадым.

Мен сол күні жатақхана ішіндегі бөлмеме,
Кештеу кірдім еңсем түсіп, мұң толтырып кеудеме.

Асау сезім арқандалды арғымақтай қарғыған,
Бір жігітпен өте шықтың тереземнің алдынан.

Құлын жүрек кісінеуде, жаным байыз таппауда,
Жанарымнан мөлдір моншақ тамып түсті жақтауға.

Өзге жанмен өте шықтың, сырттай қарап мен тұрдым,
Менің ұлы сезімімді өз қолыңмен өлтірдің.

Жанарымнан жаңбыр жауды, жазмыш па әлде жоспар ма?
Дәл сол күні мен секілді жылап тұрды аспанда.

Саған жазған жырларымның оқыдым да барлығын,
Жартып-жыртып бір қоқысқа тастай салдым барлығын.

Мен аядым, тек өзіңмен текке өткізген жылдарды,
Сен өлтірген сезімімді, өзім жыртқан жырларды.

Мен аядым, жазығы жоқ жүрегімді жаралы,
Жатақхана бөлмесінде өмір өтіп барады...

VIl

Аққуым-ай, арасынан таңдап алған көп қаздың,
Хабарласпай кетіп едім, ойда жоқта хат жаздың.

"Енді мені бұдан-былай мазалама" депсің сен,
Сені қалай мазалайын? Мазам кетіп шет жүрсем.

Есіңде ме, сөз соңында "бақытты бол" дегенің?
Негізінде сол кездері бар бақытым сен едің.

Перевод песни

Чувство асавского чувства роялизма,
Один парень перед окном очень занятого окна.

В сердце, в душе, в моих душах,
От топлива до кадвой ванны.

Я посмотрел на другого человека, глядя, и я жил в заочном
Я убил свои большие чувства своими руками.

Идет дождь, маска или план?
В тот же день он плакал в небе.

Я читаю свои песни и все,
Я положил его в половину потирания.

Я закончил, только годы, которые провели свои собственные с тобой,
Вы убили и слезы.

Боюсь, без простого сердца,
Жизнь в общежитии ...

Выступ

Аккумим-Луна, самый избранный гусь,
Я ушел без контакта, вы написали письмо.

Ты "больше не беспокою меня",
Как я могу беспокоить вас? Я выйду и выйду.

Вы помните, и в конце слова «Будьте счастливы»?
По сути, у меня было счастливое состояние в то время.

Смотрите также:

Все тексты Алмасхан Даулет >>>