Текст песни siko festival - Akerke

  • Исполнитель: siko festival
  • Название песни: Akerke
  • Дата добавления: 24.08.2018 | 20:15:10
  • Просмотров: 413
  • 0 чел. считают текст песни верным
  • 0 чел. считают текст песни неверным

Текст песни

Көздерім сені іздеуде

364-ші күнім, бір жыл шеккен мұңым,
Түнде болдың түнім, күндіз болдың Күнім.
Түсіме енудесің сағындырып, алтыным,
Сезіндім жабырқап жалғыздықтың салқынын.
Қолдан келеді қайтаруға, бірақ қаламаймын,
Өзгелер секілді табаныңды жаламаймын.
Айтқанымнан қайтпаймын, сол үшін айыптымын,
Теңіздің толқынында ескегі жоқ қайықтамын.
Ниеті бар теңіздің түбіне батыруға,
Бұлыңғыр болашақпен пенделер шақыруда.
Сезінбедім жылуды сапасы сұлулардан,
Қыстыңкүні жылындым тап-таза аппақ қардан.
Домалақ жұмыр шардан таппадым сыңарымды,
Түбінде білгенмін жүрегімді сынарыңды.
Осылай жыларымды басында сезінгенмін,
Зардабы білінуде жүрегімнің езілгеннің.

Қ-сы: (x2)
Көздерім сені іздеуде, жүрегім үміт үзбеуде,
Мен үшін үлкен ғанибет, қорлама мені, Ақерке.

Былғадым ақ парақты көк сиямен тағы да,
Терең ойға батамын егер қалсам оңаша.
Сен екенсің менің қайталанбас махаббатым,
Күндіз-түні мазалап, ой-санамды жаулап алдың.
Білемін, бұл сынақ, сондықтан төзіп өтермін,
Дегенімнен қайтпаймын, соңында саған жетемін.
Мен сені сүйгендей сен де мені сүйсең егер,
Ең бақытты адам мен боламын бұл өмірде.
Қалай болады егер сен жайлы ойламасам,
Сен мені іздесең, ал мен сені қаламасам.
Өткен күндердің бәрі қателік деп санасам,
Жаныңа ауыр тие ме, айтшы енді маған.
Дәл осы кейіпте өтуде менің күндерім,
Бұрынғы бөлмеде жалғыздық мұңын шертемін.
Қолымнан келсе егер, бір сәтке сені ұмытып,
Жүректен мұңды алып, өмірімді өзгертемін.

Қ-сы: (x2)
Көздерім сені іздеуде, жүрегім үміт үзбеуде,
Мен үшін үлкен ғанибет, қорлама мені, Ақерке.

Перевод песни

My eyes are looking for you

364th day, a year of grief,
You were at night, you were my day.
I miss you in my dreams, my gold,
I felt the cold of loneliness.
I can return it, but I don't want to.
I don't lick your feet like everyone else.
I will not back down, I am guilty of that,
I am a boat without oars in the waves.
Intending to sink to the bottom of the sea,
People with a bleak future are calling.
I did not feel the warmth of the beauties,
In winter, I was warmed by pure white snow.
I can't find a round ball,
In the end, I knew you would test my heart.
At first I felt like crying,
The effects of my heartache are obvious.

Number: (x2)
My eyes are searching for you, my heart is despairing,
It's a great pleasure for me, Akerke.

I smeared the white sheet with blue ink again,
I think deeply if I am alone.
You are my unique love,
You have troubled me day and night.
I know this is a test, so I will endure,
I will not back down, I will reach you in the end.
If you love me as I love you,
I will be the happiest person in this life.
What if I don't think about you
You are looking for me, but I do not want you.
If I think all the days are a mistake,
Tell me now if you are in pain.
This is how my days go,
In the old room, I feel lonely.
If I could, I would forget you for a moment,
I will change my life for the better.

Number: (x2)
My eyes are searching for you, my heart is despairing,
It is a great pleasure for me, Akerke.

Все тексты siko festival >>>