Текст песни
TEMIRBOLAT - Жангелдин
Туған жерім Жангелдинім мәңгілік бақыт мекені
Өзіңе арнап жыр жазамын қолымнан осы келгені
Жангелдинде өтті менің балалық барлық өмірім
Сағынумен кей кездері түседі менің көңілім
Қаншама адам тұрып жатыр шағын ғана ауылымда
Әркез бірге өмір сүред(і) қиындық пен дауылында
Ақкөңіл де кішіпейіл жайдарлы жайсаң адамдар
Болашаққа сеніп қана жасалад(ы) анық қадамдар
Қызықтырып өнерімен Жангелдин Мәдениет үйі
Талантты жастары бар көтеретін көңіл күйді
Миялы орта мектебі тәрбие мен білім берген
“Туған жер - алтын бесік” үлкендері солай деген
Жас ұрпақтар екпінімен туған жерді көркейтеміз
Алға қарай қадам басып дамуына біз сенеміз
Алыс кетсек сағынумен өзіңе жиі келеміз
Жангелдинді биік шыңнан бір күні біз де көреміз
Перевод песни
ТЕМИРБОЛАТ - Жангельдин
Моя родина Жангельдин - место вечного счастья
Я могу написать для тебя столько песен, сколько смогу
Вся моя жизнь прошла в Жангельдине
Иногда я скучаю по нему
Сколько людей живет в моей маленькой деревне
Мы всегда вместе живем в трудностях и бурях
Добрые и скромные люди
Четкие шаги можно сделать, только веря в будущее
Дом культуры Жангельдина с интересным искусством
Поднятие настроения у талантливой молодежи
Средняя школа Миялы обеспечила воспитание и образование
«Родина - золотая колыбель», - говорили старейшины.
Украшаем родную землю импульсом подрастающего поколения.
Надеемся на дальнейшее развитие
Мы часто приходим к вам с тоской
Однажды мы увидим Жангельдина с высокой вершины.
Смотрите также: